Erasmus+ “Harmonee” жобасы аясындағы жұмыс

Erasmus+ “Harmonee” жобасы аясындағы жұмыс

Erasmus+ “Harmonee / еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану” жобасы аясында жұмыс жалғасуда, Мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы жабдықтар сатып алынуда, сондай-ақ біздің университеттің оқытушылары Искакова Н. С., Ибраева Ж. Б., Кусаинова Д. К. 2022 жылғы 27 маусым мен 7 шілде аралығында Өзбекстанның Бұхара қаласында өткен жобаның жазғы мектебінде оқып, жұмыс істеді, оның мақсаты қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық-профилактикалық іс магистратурасы бағдарламалары үшін оқыту модульдерін әзірлеу және оларды оқу процесіне енгізу болды. Оқуды Милан, Нидерланды және Қырғызстан университетінің жетекші профессорлары өткізді. Жалпы мектеп шеңберінде Орталық Азия университеттерінде енгізу жоспарланған 9 модуль әзірленді. Мектепке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің медицина университеттерінің оқытушылары қатысты. Жоба жоспары бойынша Жазғы мектеп жұмысын 2023 жылдың наурыз айында Миланда (Италия) жалғастыру жоспарлануда, онда бағдарламаның барлық қатысушыларының көзбен-көз кездесуі жоспарланған.