2022 жылдың 23 қыркүйек күні Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Қ. Құрманбаев, ҚМДБ «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің меңгерушісі С. Құрбанұлы, ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің маманы Д. Сайфуллин «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты қалада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында дін, қоғамдық көзқарас, өркениеттің даму кезеңдері, наным-сенім, тәрбие, құлшылық туралы сөз қозғалды. Адамдардың діни түсініктері адамзат тарихының бір бөлігі бола отырып, адамзат қоғамымен бірге өзгеріп отыратындығы айтылды.
Экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіреді, сондықтан жастардың жат ағымдардан аулақ болуға, жастарды білім мен ғылымға барлық күштері мен уақыттарын арнай отырып, адамгершілік, имандылық және тазалыққа шақырды.
Медицина мектебі