Футболдан ” СМУ ” КеАҚ құрамасы тамаша жеңіске жетті

Футболдан ” СМУ ” КеАҚ құрамасы тамаша жеңіске жетті

Семей медицина университетінің құрамасы 25 қыркүйекте Семей қаласында өткен облыстық денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы футболдан өңірлік турнирдің жеңімпазы атанды.

Футболдан ашық турнирдің басты мақсаты аймақтағы дене шынықтыруды дамыту, футболды насихаттау және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін спортпен айналысуға тарту болды. Жарысқа біздің жоо-дан басқа Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем станциялары, жедел медициналық жәрдем ауруханасы, ядролық медицина және онкология орталығы, сондай-ақ өңірлік медициналық қызметкерлері қатысты.

Біз “СМУ” КеАҚ құрамасын тамаша жеңісімен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз