Қаһарман қыз – Хиуаз Доспанова

Қаһарман қыз – Хиуаз Доспанова

2022 жылы 19 қыркүйек күні әскери кафедраның курсанты Сағындықова Гүлнұр қазақ елінің қаһарман қызы – Хиуаз Доспановаға арналған презентациясын өткізді. Ұлы Отан соғысының ұшқышы, қазақ халқының батыр қызының өмірбаяны, ұшқыштық мамандығын игеру жолдары мен соғыс кезіндегі жеңіске қосқан ерең еңбектері жайлы айтылды. Хиуаз Каирқызының соғыс жалдарында өткерген қиын да қызықты шақтарын еске алып айтқан сұхбаты және соған арналып түсірілген деректі фильмі көрсетілді. Халқымыздың батыр қызының қайсар мінезі мен игі де батыл ісі жайлы әр тұлғаның білуі міндет.

 

Тәрбие жұмысына жауапты
медицина қызметінің подполковнигі Н. Смаилов