Ана тілі – кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі, ұраны және тірегі. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында, жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында өтетін «Тіл – халықтың кілті» атты салтанатты шарасын кафедра меңгерушісі Уранхаева Гульмира Тельмановна ашты. Кафедра оқытушылары Г.А. Жумаева, Ж.К. Жайрабаева, Ж.М. Жунусова 1107, 1124, 1229 кураторлық топтарымен белсене ат салысты. Әр елдің ең басты байлығы – тіл. Біздің университетіміз көптеген ұлт студенттерінен құралғандықтан, апталыққа шетелден келген студенттеріміз де өз үлестерін қосып, ана тілдерінде өз құттықтау сөздерін айтты.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу