Қыркүйектің 19 жұлдызында Семей медицина университеті қабырғасында 1229 ағылшын тобында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы аясында куратор сағаты өткен болатын. Бұл іс-шара кезінде студенттерге жолдаудың негізгі бағыттары, басты аспектілері түсіндірілді. Топ студенті Дария Сарбасова атап өткендей, “Жолдауда медицина саласы жайлы, яғни, резидентураға бөлінетін грант саны көбейетіні, 650 аурухананың ауылды жерлерде ашылуы қозғалғандықтан, бізге осы жолдауды білу өте маңызды”. Қазақстанның болашақ тірегі ретінде, біз, жастар үшін жерімізде болып жатқан әрбір өзгертулерді білу біздің парызымыз деп қабылдаймыз.
Куратор: Жананур Камбаровна
Іс-шара жүргізушісі: Дария Сарбасова
PR: Жанерке Оралғазина