ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

22-26 қыркүйек аралығында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Г.Т. Уранхаева және оқытушылары М.С. Ибраемова, Т.А. Муздыбаева, Қ.А. Нұрғазы, М.Б. Ибраева, Н.Д. Аманбекова, Л.К. Садықова ұйымдастыруымен «СМУ» КеАҚ білім алушыларына ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың жолдауын таныстыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Президенттің қыркүйек айындағы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауындағы берілген тапсырмалар мен қойылған басымдықтар негізгі тақырыпқа сәйкес келіп, өзекті әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелердің кең спектріне жауап береді. Жолдауда сонымен қатар елдегі білім беру жүйесінің жай-күйіне баса назар аударылды. Білім алушы жастарға президент ұсынған білім беру гранттары, жеңілдікті кредиттер, «Ұлттық қор» бағдарламасы ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз екендігі айтылды.

Білім беру сапасын арттыру білім алушылар мен оқытушылар да бірдей ынталандырылған жағдайда ғана орын алады. Сондықтан олардың мүдделері сәйкес келуі маңызды міндет болып табылады. Оқытушылар өз баяндамасында мемлекет басшысының жолдауында белгіленген, оның ішінде денсаулық сақтау және жоғары медициналық білім беру жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерді де атап өтті. Біздің қоғамның әл-ауқаты медициналық қызметтердің сапасымен тығыз байланысты, сондықтан мемлекет басшысы бұл бағытқа ерекше назар аударады. Осыған орай болашақта бізді маңызды реформалар күтіп тұрғандығы сөз етілді.

Мемлекет басшысы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынғаны белгілі. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысының өкілеттік мерзімін бір реттікке қысқартып, бірақ жеті жылға дейін ұзартуды ұсынды. Студенттер бұл бастамаға қолдау білдіріп, кезектен тыс сайлаудың осындай қиын қыстау кезеңде уақтылы өткізілетінін атап өтті.

Білім алушылардың назары президенттің білім беру, медицина, цифрландыру және адами капиталды дамытуға қатысты бастамаларына аударылды. Өз кезегінде білім алушылар да өздерінің алдында тұрған үлкен жауапкершілікті түсіне отырып, ортақ іске үлестерін қосу үшін бар күш-жігерін салуға дайын екендіктерін білдірді.

 

Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы Л.К. Садықова

Жарияланды: