Университеттік госпитальда мемлекет басшысының жолдауымен танысты

Университеттік госпитальда мемлекет басшысының жолдауымен танысты

2022 жылы 27 қыркүйекте Семей қаласының Университеттік госпиталында, госпитальды хирургия бөлімінде 4109 және 4321 топтар арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың қыркүйектің 1-ші жұлдызында өткен «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауымен танысып, пікір алмасты. Жолдау барысымен студенттер 5 бағдар бойынша ақпарат алмасып, Қазақстанның экономикасының, мектептер мен бала-бақшалардың білім сапасын жоғарылатуға арналған бағыттардың жаңа деңгейінің қалыптасуы туралы ішінара талқылау жұмыстары өткізілді. Біз тағы бір мәрте Елбасымыздың жастардың біліміне, еліміздің өркендеуіне, Жаңа Қазақстанның алдыға қарай дамуына қаншалықты аса мән беретініне көз жеткіздік.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар