Бірінші курс студенттеріне анатомиялық мұражайда экскурсия өткізілді

Бірінші курс студенттеріне анатомиялық мұражайда экскурсия өткізілді

“Мен университетті аралаймын” бағдарламасы аясында медицина университетінің бірінші курс студенттеріне профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының кураторлары М. Б. Жандаулетова, Д. О. Садықова, Г. А. Қорғанбаева анатомиялық мұражайда экскурсия өткізді. Студенттер шағын кітапханамен, морфологиялық корпуспен, жалпы кафедрамен танысты. Өткізілген экскурсиядан кейін студенттер риза болып, көптеген әсер алды.