Әскери кафедра оқытушысы медицина қызметінің подполковнигі Нұрбек Саденович Смаиловтың ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21 қыркүйек күні курсант Маратова Гүлім 4125 топ курсанттарына «Қара Майор» – Борис Төкенұлы Керімбаев тақырыбында презентация өткізді.
Нәтижесінде курсанттар Борис Төкенұлының өмірбаянымен, әскери өмірімен және Ауған соғысындағы ерліктерімен танысты. Бұндай іс-шаралар еліміздің біртуар тұлғаларымен тереңірек танысып, олардың өшпес ерлігін үлгі және мақтан тұтуға дәріптейді.
Әскери кафедра басшысы
медицина қызметінің полковнигі Ш. Орынбасаров

