1213, 1218, 1227 кураторлық топтармен алғашқы тәрбие сағаты өткізілді

1213, 1218, 1227 кураторлық топтармен алғашқы тәрбие сағаты өткізілді

Қыркүйектің 27-ы күні Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Мусаханова А. Е.; Шакабаева А. А.; Амангелдина Қ. Ж. «Жалпы медицина» мамандығының 1213, 1218, 1227 кураторлық топтармен алғашқы тәрбие сағатын өткізді.

Кураторлық топтармен жан-жақты танысу жүргізілген соң, топ белсенділерін тағайындап, әрі қарай жүргізілетін тәрбие жұмысы жоспары таныстырылды. Топ студенттерінің көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелер мен сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы таныстырылып, талқыланды:

Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы:

  • ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі;
  • бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады;
  • ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады;
  • әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді; т.б бір қатар мәселелер көтеріліп, тапсырмалар берілді.

Жолдауды топ студенттерінің назарына ұсыну арқылы, олардың еліміздің қоғамдық және саяси өмірінен хабардар болуын қамтамасыз ету, соның ішінде қоғамның дамуындағы экономика, өнеркәсіп, білім, денсаулық сақтау сияқты т.б. басты салалардағы басым бағыттарға тоқталды.

Қазақстан азаматы ретінде қоғамдық мақсаттарға жету үшін әрқайсымыз президентіміздің алға қойған міндеттерін, сонымен қоса, топтың алға қойған тәрбие жұмысы жоспары бойынша атқарылатын шараларды бірігіп жүзеге асыру біздің басты міндетіміз деп танып, белсенді түрде атсалысуымыз қажеттілігі айтылды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар