Биохимия пәні бойынша студенттер арасында тәжірибелік дағдыларды дамыту

Биохимия пәні бойынша студенттер арасында тәжірибелік дағдыларды дамыту

Оқу процесі кезіндегі білімнің белсенді игерілуі өздігінен оқуда, сонымен қатар, тәжірибелік дағдыларды игеру нәтижесінде алынады. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстарды орындау, алынған нәтижелерді интерпретациялай білу, осындай қызметтің маңызды түрлерінің бірі болып табылады.

2022 жылдың 27 қыркүйегінде биохимиялық бірлескен оқу-ғылыми зертханасы өз жұмысын қайтадан жалғастырды. Жалпы медицина, педиатрия мамандығының 2 курс студенттері асқорыту және эндокриндік жүйе коммитиі модулінен өту кезінде қазіргі заманғы биохимиялық құрал-жабдықтармен танысады, зертханалық жұмыстарды орындайды, қан және зәр сараптамаларын талдау принциптері мен әдістерін меңгереді.

Білім алушылардың биохимия бойынша тәжірибелік дағдыларын дамыту болашақ мамандарды дайындаудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

 

Профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы меңгерушісінің м. а.
Олжаева Р. Р.

Жарияланды: