«Мұғалімдер күні» Түсіпова Д. М. атындағы педиатрия және реабилитология кафедрасында

«Мұғалімдер күні» Түсіпова Д. М. атындағы педиатрия және реабилитология кафедрасында

Түсіпова Д.М. атындағы педиатрия және реабилитология кафедрасының ассистенті Қапанова А.А. басшылығымен, резидент-педиатр Магауина Ж.Х. және Мөтей А.А. «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, кафедрамызға  еңбегі сіңген доцент Ашимова Фарида Мырзаханқызын құттықтап қайтты. Ұстаздық ету – оңай емес. Ол үлкен жауапкершілікті, үнемі ізденісті талап етеді. Ұстаздың негізгі мақсаты – шәкірттерінің қоғамда өз орнынын таба білуі. Фарида Мырзаханқызының бойынан студенттерді оқыту мен тәрбиелеу барсында ұстазға тән барлық қасиеттер байқалады: студенттермен тіл табыса алуы, алға қарай ұмтылыс пен үнемі жаңашылдықты талап ету.  Осындай қасиеттерді бойына сіңірген ұстазымыз – студенттер мен әріптестерінің жүрегінен орын тапты. Фарида Мырзаханқызы – талантты педагог, көп жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі педиатр және жастар үшін үлгі аларлық тұлға. Көп жылдық ерен еңбегі үшін алғысымыз шексіз![/vc_column_text][vc_single_image image=”118438″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір