1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл мерекенің қазан айында атап өтілуі, жыл мезгілінің күзі өмірдің күзімен сәйкес келетіндіктен болуы мүмкін. Күздің алтын мезгілінде біз барлық күш-жігері мен білімін өз халқына арнаған, денсаулығы мен жастығын жас ұрпаққа берген адамдарды құрметтейміз. Бұл күннің екінші атауы – Жақсылық пен құрмет күні. Біз оларға алғыс айтуымыз керек, өйткені қарттардың білімі мен даналығы адам ресурстарын дамытуға және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге үлкен үлес қоса алады. Бұл үлес Қарт адамдардың да, жалпы қоғамның да игілігіне жұмсалады. Әрине ең алдымен қарттардың өз тілектері ескерілуі керек. Халықаралық қарттар күні-бүкіл әлемдегі үлкен жастағы азаматтар үшін ерекше күн.
29 қыркүйекте қарттар күні қарсаңында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының қызметкерлері м.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов кафедрасының еңбек ардагерлерін Римма Омаровна Мутикті, Надежда Федоровна Хребтованы, Найля Жагифаровна Кусебгалиеваны құттықтады. Олар көп жылдар бойы профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында қызмет етті, бірнеше ұрпақ дәрігер-мамандарын тәрбиелеген тамаша педагогтар, өз ісінің шеберлері! Кафедра мен университет тарихына қосқан ұзақ та, адал еңбегі мен баға жетпес үлесі үшін бағалаймыз, құрметтейміз! Ардагерлерімізге зор алғысымызды білдіреміз, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.
Ізгі тілектерімен м. ғ. д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы