Біртуар дәрігер Тулеутаева Гюльнар Есенжановнамен кездесу

Біртуар дәрігер Тулеутаева Гюльнар Есенжановнамен кездесу

28.09.2022 жылы “Психиатрия және наркология” кафедрасы кафедра меңгерушісі, PhD докторы Молдағалиев Т. М., 5 курс кураторлары Алмагамбетова А. А., Ермекбаев А. У. жетекшілігімен “Біртуар дәрігер Тулеутаева Гюльнар Есенжановнамен кездесу” іс-шарасы өткізілді.

Қатысушылар: 1,2 курс резиденттері, 5108, 5214 ЖМ студенттері.

Тулеутаева Г. Е. 1978 жылы Семей медициналық институтын сәтті бітіріп, еңбек жолын Ақсуат ОАА инфекционист дәрігері болып бастады, содан кейін ауданның бас терапевті болды. 1987 жылы Мақаншы ОАА бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, 1988 жылдың мамырынан 1995 жылдың сәуіріне дейін Мақаншы РМО бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1995 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Тулеутаева Г. Е. Семей қаласының №1 емханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Терапия және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары біліктілік санаты бар, емханадағы жұмысты Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінде оқытушылық қызметімен біріктіреді.

Тулеутаева Г. Е. білікті маман болып табылады, өзінің теориялық және практикалық тәжірибесін жас мамандарға тәлімгер ретінде береді. Ол үлкен жұмыс көлемін атқара алады, бірбеткей тұлға, әріптестерімен ілтипатты және мейірімді.

Құрмет грамоталары мен марапаттары бар:

  • Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Төрағасының Құрмет грамотасы;
  • “Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін” төс белгісі;
  • “Шекара әскерлерінің үздігі” І, ІІ және ІІІ дәрежелі төс белгісі;
  • “Семей медициналық университетіне сіңірген еңбегі үшін” төс белгісі;
  • “Құрметті түлек” төс белігіс;
  • “Денсаулық сақтау үздігі”;
  • “Қалаға сіңірген еңбегі үшін”.

Резиденттер мен студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, үлкен еңбек жолының кезеңдеріне қызығушылық танытты. Кездесу соңында олар өздерінің кәсіби қызметінде пайдасын тигізетін білім алғандарын атап өтті.[/vc_column_text][vc_single_image image=”118580″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: