2022 ж. 4 қазан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ-да ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті, кеңес барысында қорғаудан өткен және PhD докторының растауын алған докторантура түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл күні біздің ЖОО-ның 5 түлегі, соның ішінде Қожахметова Дана Кенжебаевна, Қазангапов Рүстем Сейсенбекұлы, Амантаева Гаухар Қайсанқызы, Нұрғалиева Гүлнара Тұрсынғазықызы, сондай-ақ Цигенгагель Оксана Павловна PhD докторы ғылыми дәрежесін алғандығын растайтын құжаттарды алды.
Түлектерге дипломдарды «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры, профессор Алтай Дюсупов салтанатты түрде табыс етті. Алтай Ахметқалиұлы өзінің құттықтау сөзінде түлектерді осындай айтулы оқиғамен құттықтап, оларға ізгі тілектерін білдірді.

