Халықаралық Сау жүрек күні 1999 жылы құрылды, ол қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде ДДСҰ мен халықаралық жүрек федерациясының қолдауымен өтеді. 2011 жылдан бастап бұл мереке 29 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл күннің ең басты мақсаты-әлемді жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу туралы ақпараттандыру, алдын алу шараларын жүргізу, әртүрлі топтағы адамдарда ЖИА мен ми инсультіне дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Халықаралық сау жүрек күні “Жүрек – өмір үшін” ұранымен өткізіледі. 29 қыркүйекте “Симуляциялық және білім беру технологиялары” кафедрасында 718, 719 ЖДП топтарының интерндері фармацевтика факультетінің 102 тобының студенттері үшін Халықаралық Сау жүрек күніне орайластырылған, Жедел коронарлық синдром тақырыбы бойынша ақпараттандыру ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шарада әлемде және елде жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының, оның ішінде жедел коронарлық синдромның өзектілігі туралы ақпарат ұсынылды. Мыналар қамтылды: себептері, қауіп топтары, аурудың белгілері, алғашқы медициналық көмек және алдын алу шаралары. Іс-шара барысында студенттерге жедел коронарлық синдром диагнозы қойылған “Стандартталған пациент” білім беру әдістемесі көрсетілді, ал соңында интерндер дайындаған жедел коронарлық синдромның алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]



