“СМУ” КеАҚ қоғамдық денсаулық кафедрасында “Жалпы медицина” және “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультеттерінің 1, 2, 3 және 4 курс студенттері үшін “Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қазіргі жағдайы” тақырыбында семинар өткізілді. Кафедра доценті Самарова Умытжан Сапарғалиқызы студент жастарды МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесімен, міндетті медициналық сақтандыру қағидаттарымен, МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшерлемелерімен, МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден босатылған адамдардың санаттарымен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі туралы, 2020 жылдың 1 қаңтарыңан бастап ТМКК шеңберіндегі МӘМС пакеттері туралы ақпаратымен таныстырды. ТМКК және МӘМС шеңберінде медициналық көмектің түрлерімен және соның негізінде қол жеткізілген әсерлер көмектің үздіксіздігі, медициналық көмектің қолжетімділігі және медициналық қызметтердің бейіндерінінің кеңейтілу мүмкіндіктерімен таныстырды. Студенттерге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеңілдетілген санаттарына кіретін топтар, сондай-ақ студенттер де осы топқа жататыны, жинақталатын аударымдар көлемі мен ақшалай қаражаттың тікелей қолдануы туралы толық ақпарат берілді.
Сондай-ақ, студенттерге әлеуметтік зерттеу ақпараты ұсынылды, онда халықтың жаппай сауалнамасының нәтижелері бойынша МӘМС енгізуден кейінгі тұрғындардың оң қабылдау көрсеткішінің өсуі, халықтың МӘМС аударымдарына теріс көзқарас деңгейінің төмендеуі байқалады. Семинар соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оларға лектордың толық жауаптары берілді.
Қоғамдық денсаулық кафедрасы

