Қазан айының 4-і күні Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Сайдахметова А. С., Токешева Г. М., Мусаханова А. Е.; Шакабаева А. А.; Амангелдина Қ. Ж. «Жалпы медицина» мамандығының 328, 327, 1213, 1218, 1227 кураторлық топтарымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағатын өткізді.
Кафедра кураторлары бұрын қалыпты физиология кафедрасында жұмыс атқарған, ал қазіргі таңда зейнетке шыққан ардагерлерді шақырды, олар: Жібек Тұрсалимова, Бекен Абдыкадыровна, Қорлығайым Мухамедхановна. Осы тұлғалар кураторлық топ студенттеріне біздің кафедрамыз жайлы, өздерінің жұмыс өтілі бойынша мағлұматтарымен бөлісті.
Қарттар күні – нағыз мейірімді мерекелердің бірі. Бұл аға буын өкілдеріне шексіз алғысымызды білдіруге тағы бір мүмкіндік беретін күн.
Құрметті ардагерлер, Сіздер даңқты өмір мен еңбек жолынан өттіңіздер, барлық сынақтарды абыроймен еңсердіңіздер. Біз әрқашан сіздің жанашыр жүректеріңізден сүйіспеншілік, қолдау және түсіністік табамыз. Сіз бізге шыдамдылықты, отбасыңызға және Отаныңызға адалдықты, өмірді сол қалпында қабылдауға және жақсылыққа деген үмітімізді жоғалтпауға үйретесіз.
Біз сіздерді мақтан тұтамыз, сіздерден үлгі аламыз, белсенді азаматтық ұстанымға таңданудан шаршамаймыз.
Сіздерге шын жүректен бақыт, амандық, мықты денсаулық, ұзақ өмір және өмірге деген қызығушылықты тілейміз! Сіздерде мүмкіндігінше жарқын және қуанышты күндеріңіз көп болсын![/vc_column_text][vc_single_image image=”119095″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

