Санитарлық-ағарту жұмысы аясында, 2022 жылғы 28 қыркүйекте “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 401 тобының студенттері Н. Рахымғали, Ғ. Әділхан, М. Сәрсенғазина, Д. Қадырбеков, М. Қуандық және Д. Токенов куратор М. Б. Бейсенғазинамен бірге гендерлік тәрбиеге арналған №8 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына арналған іс-шара өткізді. Оқушыларға тақырыптық презентация мен бейнероликтер, сондай-ақ “Жыныстық жетілу” жадынамалары ұсынылды. Студенттер жыныстық жетілу белгілері, етеккір циклі, қыздардың денсаулығы үшін арнайы гигиенаны сақтаудың маңыздылығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, жасөспірімдердің жүктілігінің алдын алу туралы айтты. Оқушылар студенттерді қызығушылықпен тыңдап, кері байланыс форматында сұрақтар қойды.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы М. Б. Бейсенгазина[/vc_column_text][vc_single_image image=”119051″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]