«Қарты бар елдің қазынасы бар»

«Қарты бар елдің қазынасы бар»

Қарттарға жол беріп, үлкендерді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Егде жастағы адамдарға қол ұшын беру – кез келген адамның қайырымдылығының белгісі. Осыған орай Қарттар күні қарсаңында 2022 жылдың 30 қыркүйегі күні «Ішкі аурулар мен ревматология» кафедрасының кураторлары өздерінің студенттерімен «Күміс университет» бағдарламасы аясында қарт адамдарға қолдарынан келген волонтерлік көмектерін көрсетті.

Доцент Капанова Г. К. , доцент Муздубаева Ж. Е. 4101, 4203 топтардың студенттерімен Килина Вера Вермагеновнаның, Селгазина М. Б., Ботабаева А.С. 4204, 4416 топтардың студенттерімен Смагулова Рабига Халиевнаның, Шаханова А. Т., Кожахметова Д. К. 4306, 4407 топтардың студенттерімен Мухадшина Раушан Галиевнаның үйлеріне барып, Қарттар күні мейрамымен құттықтап, әртүрлі азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектер апарып берді. Рабига Халиевна, Вера Вермагеновна, Раушан Галиевна студенттерге керемет ризашылықтарын білдіріп, рахметтерін айтты. Зейнеткерлер өз өмір жолының үзіндісін, ақыл-кеңесін айтып, бата-тілегін берді. Кафедраның кураторлары мен студенттер өз тараптарынан қарттарға зор денсаулық тіледі.

 

«Күміс университет» бағдарламасына жауапты ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Селгазина М. Б.