1214 топ студенттері психологпен кездесті

1214 топ студенттері психологпен кездесті

07.10.2022 ж. «Жалпы медицина» мамандығының 1214 топ студенттері және топ кураторы Кусаинова К.Т. біздің университетіміздің психологы А. М. Асылбековамен кездесу өткізді.

Тренингте студенттер психологтың әрқилы сұрақтарына жауап бере отырып, әртүрлі практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды орындауға белсене қатысты. Тренинг топ студенттерінің бір-бірімен қарым-қатынасын одан әрі ашуға, бір-бірін әр қырынан тануға, топ студенттерінің арасында достық қарым-қатынас орнатуға ықпалын тигізді. Студенттік шақ – өмір жолының ерекше кезеңі. Бұл әсіресе бірінші курс студенттеріне қиын, өйткені бірін-бірі өзара түсіністік, жанашырлық, сенімді қарым-қатынас орнату қажеттілігі туындайды. Сондықтан осындай тренингтер топта қолайлы психологиялық климаттың қалыптасуына және командада бірлесіп жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді.[/vc_column_text][vc_single_image image=”119529″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]