Қазақстан жастарының бастамасымен EcoStudentKZ жобасы іске қосылды. Челлендж экоплогинг форматында өтеді. Ұйымдастырушылар екі заманауи трендті біріктіруде – салауатты өмір салтын ұстану мен қоршаған ортаға деген қамқорлық.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыру, студенттерге өз қалалары туралы және әрқайсымыз өзіміз тұратын жер үшін не істей алатынымыз туралы көбірек білуге көмектесу.
“Семей медициналық университеті” КеАҚ студенттері Челленджді жалғастыру мақсатында сенбі күні Полковник аралына жиналды. Студенттер аралды қоқыстан, бөтелкелерден, қағаздан, пластик пакеттерден тазартты.
Қаланың экологиялық жағдайы әр тұрғынға байланысты. Өйткені, әркім өзі жинаған жердің емес, қоқыс тастамайтын жердің таза болатынын бұрыннан біледі.
Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі мектебі
Медицина мектебі[/vc_column_text]