06.10.2022 ж., «Семей медицина университеті» КЕАҚ түлектерді жұмысқа орналастыру және « Medical Foundation» бөлімінің қызметкерлері Төлеубаева Қ.С. және Қайгелдинова С.А., денсаулық сақтау жүйесіндегі кадр тапшылығын жою мақсатында, Семей қаласының №30 орта мектебі, №27 орта мектебі және Шәкәрім атындағы көпбейінді гимназия оқушыларымен кездесулер өткізді.
Бөлім қызметкерлері «СМУ» КеАҚ қызметі, дамуы, оның білім беру, ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі, мамандарды даярлайтын мамандықтар туралы бейнеролик ұсынды. Сондай-ақ мектеп оқушылары университет тарихымен, оның қалыптасуының маңызды кезеңдерімен егжей-тегжейлі таныстырылды.
Сондай-ақ, қосымша материалдар қолданылды, олар мектеп оқушыларына «СМУ» КеАҚ туралы мәліметтері бар жадынамалар мен буклеттер түрінде таратылды.
Презентация барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Өткізілген іс-шаралар мектеп оқушыларының белсенді, танымдық қызығушылығын тудырды.[/vc_column_text]