Балалардағы тұмау және басқа да жіті респираторлық-вирустық инфекциялар” семинары

Балалардағы тұмау және басқа да жіті респираторлық-вирустық инфекциялар” семинары

2022 жылғы 7 қазанда Абай облысының стационарлық және емханалық деңгейдегі медицина қызметкерлеріне арналған “балалардағы тұмау және ЖРВИ” тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Тұмау және басқа да жіті респираторлық-вирустық аурулардың, соның ішінде балалар арасында сырқаттанушылық әлі де өзекті болып отыр. «СМУ» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Абай облысының штаттан тыс бас балалар инфекционисты И. М. Эфендиевтің жетекшілігімен Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен аталған семинар ұйымдастырылды.

Спикер Эфендиев Имдат Муса Оглы кіріспе сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын балалардағы ЖРВИ мен тұмаудың клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктеріне аударды. Семинар жоспарына сәйкес балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті А. А. Мансурова “балалардағы тұмау мен ЖРВИ-нің этиологиялық құрылымы, эпидемиологиясы, жіктелуі және клиникасы” атты баяндамасымен сөз сөйледі. Семинар жоспарына сәйкес, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Т. Д. Дәлелқанова “Дифференциалды диагностика, зертханалық тексеру, балалардағы тұмау мен ЖРВИ терапиясы және алдын алу” презентациясымен сөз сөйледі. Семинар соңын Эфендиев Имдат Муса Оглы қорытындылады.

Семинар соңында ұйымдастырушылар кері байланыс алып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинарға 77 тыңдаушы қатысты.

 

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: