2022 жылғы 7 қазанда Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында Өзбекстан, Бұхара қаласында “ХИМИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА” халықаралық қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының қызметкерлері белсенді қатысып, ZOOM платформасында онлайн режимде “The role of integration in Biochemistry for future specialists” тақырыбында биохимия және химиялық пәндер кафедрасы меңгерушісінің қызметін атқарушы Р. Р. Олжаева баяндама жасады (қосымша баяндамашылар – 2Олжаева Г. Р., 1Динжуманова Р. Т., 1Амандельдинова А. 1“СМУ” КеАҚ, 2“№ 34 ЖОББМ” ММ, “Білім бөлімі” ММ, Абай облысы, Қазақстан Республикасы).
Баяндама материалы медициналық білім беруде химияны оқытудағы заманауи сын-тегеуріндер секциясына ұсынылды, сондай-ақ РИНЦ базасына кіретін конференция жинағына кіретін тезистер берілді.
Кафедра меңгерушісінің қызметін атқарушы Олжаева Р. Р.[/vc_column_text][vc_single_image image=”119642″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]