2022 жылдың 10 қазанында “Ішкі аурулар пропедевтикасы” кафедрасында Қазақстан Республикасы күніне орай “Жалпы медицина” және “Стоматология” мамандықтарының 3 курс студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді Қазақстан тарихымен және “Республика Күні” мерекесімен таныстыру. Слайдпен танысу және талқылау барысында студенттерге Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, біртұтас және егемен республикаға айналу жолы түсіндірілді. Бұл іс-шара студенттер арасында Қазақстанның тәуелсіздігі мен демократиясының құндылығын түсінуге ықпал етті. Іс-шараға «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының қызметкерлері және №3203, 3207 ЖМ, 302 стом. топтарының студенттері белсенді қатысты.
3203 топ студенттері, Жалпы медицина, куратор Жазықбаева Л. К.
[/vc_column_text][vc_single_image image=”119719″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]