10.10.2022 биохимия және химиялық пәндер кафедрасы меңгерушісінің м. а. Олжаева Рауза Романовнаның “Белоктардың қорытылуы және аминқышқылдарының сіңуі және олардың бұзылыстары” тақырыбында ашық дәрісі өтті. Дәріс педиатрия факультетінің 2 курсы – 2326 топтың студенттері үшін орыс тілінде оқылды. Материалды оқу барысында дәрісті ұсыну кезінде студенттер қан, зәр, нәжіс, асқазан сөлін, диагностикалық әдістерді, ақуыздардың қорытылуының және аминқышқылдарының сіңуінің бұзылу механизмдерін түсіну үшін кейстарды талдады.
Дәріске Урузбаева Гүлмира Айдарқанқызы – МБСББ бастығы, Бекболатова Мәрия Адлетқызы – МБСББ әдіскері және “Ас қорыту және эндокриндік жүйе” комитетінің директоры Динжуманова Раушан Төлеуғазықызы қатысты.
Сабақ соңында студенттерден ұсынылған дәріс материалының ақпараттылығы мен маңыздылығы туралы оң кері байланыс алынды.
Олжаева Р. Р.
[/vc_column_text][vc_single_image image=”119885″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

