1996 жылдан бастап жыл сайын қазан айының 12 жұлдызында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен «Дүниежүзілік артритпен күресу» күні атап өтіледі. Берілген шараның басты міндеті мен мақсаты тұрғындар арасында тірек-қимыл жүйесінің аурулары жайлы толық ақпарат беру арқылы аурушаңдылықты азайту және алдын алу. Сүйек-буын аурулары дүние жүзінде кең таралған аурулар тобы болып есептеледі, себебі Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бұл кеселге 10 адамның біреуі шалдығады, оның асқынуы адам баласының өмір сапасын төмендетіп, мүгедектікке дейін әкелуі мүмкін.
Артрит – бұл буынның қабынулық ауруы, оның салдарынан науқас адамның тірек-қимыл аппараты зақымданып, өзгеріске ұшырайды. Артрит дамуына көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Оның ішінде кең таралғаны: жарақат, суық тию, эндокринді және ревматикалық аурулар, сонымен қатар тұқымқуалаушылық және т.б.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп халық нақылында айтылғандай, егер аурудың алдың алу мүмкін болса, неге оны пайдаланбасқа?
«Дүниежүзілік артритпен күресу» күніне орай тұрғылықты халықпен санитарлы-ағартушылық жұмыстары өткізіліп, халық арасында артрит мәселесін алдын алу және емдеу арқылы, жалпы, адам денсаулығын сақтап қалу біздің басты міндетіміз!
Ішкі аурулар мен ревматология кафедрасының ассистенті Берсимбекова Г.Б.
Жалпы медицина факультеті, 4125 топ.