7 қазанда «СМУ» КеАҚ қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушыларымен болашақта еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері атанатын USTUDY оқу орталығының студенттерімен мотивациялық кездесу өткізілді. USTUDY оқу орталығы – жоғары сынып оқушылары ҰБТ-ға қосымша дайындық курстарында оқитын дайындық орталығы болып табылады.
Жиын барысында жастар арасында өте өзекті болып отырған қазіргі заман тақырыптары, болашақ мамандықты дұрыс таңдау, медицина саласын оқуға деген ынта-жігері туралы айтылды. Оқытушылар жастармен әңгімелесуде дәрігер эпидемиолог, медициналық ұйымның менеджері мамандығының мүмкіндіктері мен болашағын, медициналық университет қабырғасында ғылыми қызметпен айналысудың болашағы мен мүмкіндіктерін ашып берді.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары ретінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті туралы, кафедра шығаратын мамандықтар туралы айтылды. Бұл кездесуде өскелең ұрпақ үлкен қызығушылық танытып, қызықтыратын сұрақтарын қойды.