Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялайды. Байқау 15 қазанға дейін жалғасады және 2 кезеңде өтеді. Ол жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына деген адалдық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған.
Университеттің барлық студенттері мен магистранттары қатысуға шақырылады. Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағына деген көзқарасы мен үмітін және оның болашақты қалыптастыруға қатысуын көрсететін өз бетінше жасаған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.
«Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбы бойынша «Эссе байқауы» белгісімен шығармашылық жұмыстар ood@smu.edu.kz электронды поштасына 2022 жылдың 15 қазанына дейін жіберіледі.
Толық ақпарат университеттің сайтында берілген. Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін. Бірінші кезеңге қатысушыларды марапаттау «СМУ» КеАҚ базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астанада өтеді.