Қазақстан Республикасының Күні қарсаңында 2022 жылдың 12 қазанында кураторлық топтармен, интерндер және резиденттердің қатысуымен ішкі аурулар және ревматология кафедрасында майталман дәрігермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің сыйлы қонағы медицинаға еңбек сіңірген профессор Иванова Райфа Латыфовна болды.
Кездесуге қатысушылар алдымен Райфа Латыфовнаның биографиясы мен еңбек жолы туралы бейнеролик қарады. Одан кейін профессор біздің медициналық институттағы оқу жылдары мен өмір жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Студенттер мен резиденттер мамандықты таңдау, еңбек жолындағы кездескен қиындықтар, денсаулық пен жасын сақтау туралы өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.
Студенттер өз тарапынан домбырамен күй тартып алғыстарын білдірді.
Болашақ дәрігерлер үшін кездесу өте пайдалы және қызықты болды.
Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты ассистент м.ғ.к. Селгазина М. Б.
[/vc_column_text][vc_single_image image=”120489″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]