«СМУ» КеАҚ құрылғанына 70 жыл толу қарсаңында, 12 қазанда, университеттің №1 дәріс залында ҚР ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен жалпы медицина факультетінің студенттерімен хирургиялық аурулар кафедрасының беделді, тәжірибелі оқытушысы, профессор, доцент Қалдыбаев Мұзаффар Ахметсафаұлымен кездесу өтті.
Біздің білім ошағымыздың тарихының бастауы, оның негізгі даму кезеңдері, білім берудегі, реформалаудағы жетістіктері, ғылыми қызметі, тәрбие жұмыстары туралы шынайы әңгіме өрбіді.
Мұзаффар Ахметсафаұлы кездесуде қатысушыларға өзінің болашақ мамандығын таңдауы, соның салдарынан медициналық институтқа түсуі туралы қалай шешім қабылдағандығы жөнінде айтып берді. Институтта білім алу, хирургияға деген құштарлық, университетіміздегі ұстаздық тәжірибесі ол үшін жақсы өмір мектебі болды. Кездесу кейіпкерінің әңгімесі жиналғандардың қызу реакциясын тудырды.
Студенттер профессордан қазіргі ұрпақтың тұлғалық өсу ерекшеліктері, білім беру бағдарламасының айырмашылықтары және медициналық университеттегі әртүрлі пәндердің маңыздылығы туралы сұрады. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өткен жиын университеттің көрнекті ғалымдарымен танысуға, олардың жинақтаған тәжірибесін меңгеруге, маңызды сұрақтарға жауап алуға, университет ортасын қандай тұлғалар қалыптастыратынын түсінуге мүмкіндік береді.
Хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, доцент Қалдыбаев Мұзаффар Ахметсафаұлына шын жүректен алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық, белсенді шығармашылық ұзақ ғұмыр тілейміз!
Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы
[/vc_column_text]