Әскери кафедрасының 3622 курсанттар тобы

Әскери кафедрасының 3622 курсанттар тобы

2022 жылдың күзінде біз жалпы медицина факультетінің студенттері университетіміздің әскери кафедрасына оқуға түстік. Біздің 3622 курсанттар тобы (әскери бойынша взвод) әскери кафедрада оқу үшін әртүрлі топтардан жиналған.

Әскери кафедраның бірінші семестрін бітіріп, теориялық және практикалық білім алдық. Оқу-жаттығу 3 аптаға созылды және оның негізгі мақсаты әскери жағдайды картада хабарлауды үйрену болды, сәйкесінше оқу кезеңінде біз оған үйрендік.

Әскери кафедра тек әскери пәндерді ғана емес, отансүйгіштікке, өз мемлекетінің – Қазақстан Республикасының патриоты болу қажеттілігін үйретеді.

Запастағы полковник Мамықанов Ринат Төлеутайұлына әскери кафедрада сабақ кезінде білімімізді шыңдауға қосқан зор үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ, әскери кафедра бастығы, медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмұхаметұлы, запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смайылов Нұрбек Сәденұлына бізбен атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс білдіреміз.

Және оқу үдерісін сапалы ұйымдастырғаны үшін барша ұстаздар мен көмекші ұжымға шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді.

Қазір әскери кафедра басшылығы 2 курс студенттерін әскери кафедраға оқуға қабылдау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде және біз 3622 тобы студенттерді әскери кафедраға оқуға шақырамыз, өйткені бұл болашақта түлектердің жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндіктер береді. Әскери кафедра тек әскери пәндерді ғана емес, отансүйгіштікке, өз мемлекетінің – Қазақстан Республикасының патриоты болу қажеттілігін үйретеді. Біз әрбір Қазақстандықты еліміздің патриоты болуға шақырамыз!
[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар