2022 жылдың 14 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 3203 тобының студенттері және топ кураторы Жазықбаева Л. Қ. «Дос-Мұқасан» фильмін тамашалау үшін, «Дастан» кинотеатрына барды. Фильм осыдан 55 жыл бұрын Баянауыл маңында құрылыс отрядында қазақ тіліндегі барлық эстрадалық музыканың түп атасы болған ұлттық рок-н-ролл мен ұжымның қалай дүниеге келгені туралы баяндайды. Жалпы, бұл сапар студенттерге тек жақсы әсер қалдырып, ұлттық музыка мәдениеті үшін маңызы зор «Дос-Мұқасан» тобының қалыптасу тарихымен таныстырды.
3203 топ студенттері, Жалпы медицина, куратор Жазықбаева Л. К.