Білім алу ешқашан кеш емес

Білім алу ешқашан кеш емес

2022 жылғы 17 қазан күні Семей медицина университетінде «Күміс университет» үшінші жас университеті ретінде: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына қаланың мүдделі құрылымдарының өкілдері, «Күміс университет» қатысушылары, университет ардагерлері мен оқытушылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша өзара ынтымақтастықты ұйымдастыру. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар талқыланатын мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдіріп, «өмір бойы оқыту» (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасы шеңберінде егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жолдарын талқылады.

Шәкәрім университетінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының басшысы Гүлнұр Cағынаева «Шәкәрім шаңырағындағы күміс университет: бүгіні және болашағы» тақырыбында баяндама жасап, оқу орнындағы «Күміс университет» жобасының жүзеге асу барысы туралы ақпарат берді.

Alikhan Bokeikhan University біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының директоры Марат Молдажанов «Күміс университет» жобасының ABU-да жүзеге асырылу тәжірибесімен бөлісті.

Семей медицина университетіндегі «Күміс университет» жобасының үйлестірушісі Жаңанұр Жайырбаева университеттегі аталған жобаның жүзеге асырылу ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Жаңанұр Қамбаровна атап өткендей, Семей медицина университетінде аталған жоба 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

«Күміс университет» жобасының басты мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту. Бүгінгі таңда университетте аталған жоба аясында қатысушылар үшін бірнеше бағыттар бойынша курстар қарастырылған: «Денсаулық және қауіпсіздік», «Сандық сауаттылық», «Психологиялық денсаулық негіздері», «Тіл курстары». Бүгінгі күнге дейін аталған жобаға 120 адам қатысып үлгерді. Оларға университеттің 20 кафедрасының оқытушылары сабақ берді.

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында, егде жастағы адамдарды бейресми біліммен қамтуды арттыру бойынша өзара ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында университет кафедраларының, қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің идеяларымен алмасу, бірлескен зерттеу бағыттарын іздеу және интеграциясын нығайту бойынша пікірлер ортаға салынды.

Іс-шара соңында Семей медицина университеті, Семей қаласының арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, Семей қаласындағы қарттар және мүгедектерге арналған жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекеме, қалалық Достық үйінің басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір