«Болашақ» – білім баспалдағы.

«Болашақ» – білім баспалдағы.

XXІ ғасырда елімізді озық елдер қатарынан көру үшін адами капиталды дамыту керек. Кез келген саланың мамандары сауат­ты, бәсекеге қабілетті, зияткерлік деңгейі жоғары болса, ол ел дамуының негізгі көзі болады. Тұңғыш Президентіміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілетімен айқындалады», деген болатын. Ал адами капиталдың сапасын арттырудың бірден-бір жолы – білім саласы озық елдерде оқып, тәжірибесімен танысу, талдау жасап, тағылымын алу болып табылады.

Осыған орай,  14 қазанда Қазақстан Республикасы күніне «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының жоспарланған іс-шаралар аясында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Мейіржан Серікұлымен кездесу ұйымдастырылды. Шараның ең басты мақсаты – өскелең ұрпаққа, дарынды жастарға толықтай мемлекет есебінен шетелде білім алуға қандай мүмкіндік бар екенін атап жеткізу болып табылды. Мейіржан Серікұлы Америка Құрама Штаттарының Урбана-Шампейн қаласындағы Иллинойс университетінде 2015-2016 жж бакалавриат, 2016-2017 жж магистратура деңгейінде білім алғандығын және өзінің студенттік өмірі жайлы, жеке жетістіктері туралы баяндап берді. Сұхбаттасу барысында студенттер өздерінің мамандықтары бойынша шетелде білім алғылары келетіндіктерін айтып, біраз сұрақпен алмасты. Осылайша, жоспарланған іс-шарамыз белсенді өтті.

Сұхбаттасуды қорытыңдылап, студенттеріміз Мейіржан Серікұлына, «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі Зайтуна Абдулкасимовнаға және кафедра оқытушысы Даурен Ерланұлына өз ризашылықтарын білдіріп, осы кездесуден көп ақпарат алғандықтарын айтты.  [vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”121017″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз