Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туған күнінің 100 жылдығына арналып, Университет музейінде «Жалпы білім беретін пәндер кафедрасымен» бірлесе, Батыр қыздың ерлігін ұлықтау, батыр туралы жан- жақты мәлімет беру, жастарды отансүйгіштікке елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қаһарман қызы қазақтың» атты іс шара өтті.
Шараның өту барысында, Мәншүктің балалық шағы, майдан даласындағы ерлігі туралы тың деректерге шолу жасалып, «От кешкен тағдыр» атты деректі бейне материал көрсетілді. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан 100 атқыштар бригадасының боздақтары және Мәншүк Мәметованың ерлігін баяндайтын «Үзілген моншақ» атты слайд көрсетілімі көрермен назарына ұсынылды.
Шараға қонақ ретінде Мәншүк Мәметованың майдандас жолдастары барлаушы Оразбаев Атамбай және аға лейтенантБолатов Ахметқазы ұрпақтары Атамбаева Нұрбике Атамбайқызы және Рахыжанова Сәуле Орынғазықызы шақырылып, ұрпақтар үндестігі ретінде аталардың ерлігі туралы естеліктерімен ой бөлісті.
Батыр қыздың ерлігін өз жырларына арқау еткен 1302 топ студенттері Ару Әділқызы Көпжасарова «Қайсар рухты ару» тақпағын жатқа айтса, Айжүз Бауыржанқызы Зәуренбекова «Мәншүктің монологын» нақышына келтіре орындап берді. Ал 1312 топ студенті Іңкәр Советхан Мәншүктің майдан даласында анасына жазған сағыныш хаттарынан үзінділерді театрландырған қойылым түрде оқып берді.
Шара соңында белсене қатысқан студенттеге мадақтама қағаздары табыс етілді.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column width=”1/4″][vc_single_image image=”120985″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][vc_column width=”1/4″][vc_single_image image=”120988″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][vc_column width=”1/4″][vc_single_image image=”120994″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][vc_column width=”1/4″][vc_single_image image=”121000″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

