Қоғамға сәтті бейімделу және интеграциялау үшін аутистік спектрі бар ерекше балалардың ата-аналарын оқыту

Қоғамға сәтті бейімделу және интеграциялау үшін аутистік спектрі бар ерекше балалардың ата-аналарын оқыту

2022 жылдың 29 қыркүйегінде психиатрия және наркология кафедрасы “ШҚО Семей қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің №4 ЖББОМ КММ аутистік спектрі бар ерекше балалардың ата-аналарын оқыту, өмір сапасын жақсарту, қоғамға бейімдеу және кіріктіру үшін курс өткізді. Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі PhD докторы Молдағалиев Т. М., кафедра ассистенті Алмагамбетова А. А., 1, 2 жыл кафедра резиденттері.

Абай облысында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 5,1 мың бала тұрады, оның ішінде Семей қаласы бойынша – 2,8 мың бала. Аутизмі бар балалар саны – 120, оның ішінде Семей қаласы бойынша – 41 бала. Мінез-құлық бұзылыстары бар балалар үнемі бақылауды қажет етеді. Көбінесе ата-аналарға осы салада білімнің болмауына байланысты баланың мінез-құлқымен күресу өте қиын.

Ерекше дамуы бар балалардың ата-аналарына алғысөзімен: кафедра меңгерушісі PhD докторы Молдағалиев Т. М., “Абай облысының білім басқармасы” ММ қорғаншылық және қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Қасымбек А. К., кафедра ассистенті Алмагамбетова А. А. сөз сөйледі. Олар өз сөзінде аутизм – бұл ерте жастан көрінетін мидың даму ерекшелігі екенін атап өтті. Бұл әлеуметтік өзара әрекеттестікке әсер етеді, баланы қоғамдағы өмірге бейімдеу қажет; оны өз қорқыныштарымен күресуге үйрету; эмоцияларды бақылау, баланы сыртқы әлемге бағыттау; оған қарапайым байланыс дағдыларын үйрету; баланы мінез-құлықтың күрделі формаларына үйрету; баланың өзін-өзі тануы мен жеке басын дамыту; ата-аналарға балалармен түзету жұмыстарын жүргізуге үйрету. Іс-шараға 2 оқу жылының резиденттері Аккузинова К. Ф., Нығметжан С. М., Есенгельдина М. М. Белсенді қатысты.

Білім беру жүйесінің алдына қойылған басты міндеттердің бірі, бүгінгі күні сапалы білім алу үшін тең жағдай жасау.[/vc_column_text][vc_single_image image=”121391″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір