07.10.2022 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша 1231 топ студенттері үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әңгіме өткізілді.
Әңгіменің мақсаты: өз денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; студенттерді салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіне сендіру;ой-өрісін кеңейту.
Салауатты өмір салтының негіздері:
- дұрыс тамақтану;
- спорт;
- жеке гигиена;
- қатаюдың әртүрлі түрлері;
- жаман әдеттерден бас тарту.
Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Топ кураторы: «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының магистрі Оспанова А. Т.