«Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайысы өткізілді

«Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайысы өткізілді

25 қазан – Қазақстан Республикасының Республика күніне орай ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовнаның «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 1212 кураторлық тобы «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайысын өткізді.

Бұл дебат сайысына 1 курс студенттерінің арасынан, атап айтқанда 1107, 1109, 1225, 1212 топтар студенттері белсене қатысты.

Дебат сайысының басында «Жалпы медицина» мамандығының 1212 тобының кураторы А. С. Сайдахметова сөз сөйлеп, студенттерге өз Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарды бағалауға, өздерін еркелетіп өсіріп отырған Қазақстан елінің халқын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар болулары тиіс екендіктерін алға тартты. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге міндетті екенін атап өтіп, болатын дебат сайында топтарға сәттілік тіледі.

Нәтижесінде «Жалын» және «Алаш» топтары жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен және тәттілермен марапатталды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: