Халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша қайырымдылық және волонтерлік акциялары

Халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша қайырымдылық және волонтерлік акциялары

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 25-қазан Республика күні ұлттық мереке болып табылады. Осыған орай, Ғылым және жоғары Білім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі ЖОО-ның басшылығына хат пен орындалатын іс-шаралар жоспарын жіберді.

«Мейіргер ісі» кафедрасы іс-шаралар жоспары тізімінен, «Халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша қайырымдылық және волонтерлік акциялары» атты тақырыпты таңдап алды.

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында, қазан айының 14-і күні төменгі тізімдегі кафедра ассистенттері және кураторлық топ студенттері:

  1. Амренова Шынар Шагановна – 2325 «Педиатрия»;
  2. Рахматуллина Наслизат Сырымовна – 2120, 2127 «Педиатрия»;
  3. Жетмекова Жулдыз Турехановна – 1232 «Педиатрия»;
  4. Оспанова Айгерим Турсыновна – 1231 «Педиатрия»;
  5. Айтмурзинова Гүлжанат Төрежанқызы – 1218 «Жалпы медицина»

Семей қ. «Мамандандырылған балалар үйі» КМҚК барып, «Алтын күз» тақырыбындағы таңғылыққа қатысып, кішкентай бүлдіршіндерге өз сыйлықтарын үйлестіріп, көңілдерін аулады.

Ал, қазан айының 15-і күні төмендегі кафедра ассистенттері мен кураторлық топ студенттері:

  1. Елемес Ақерке – 2322 «Педиатрия», 108 «Стоматология»;
  2. Байзолдина Жансая Сайлаухановна – 1225 «Жалпы медицина»;
  3. Шарапиева Алуа Муратбековна – 2221 «Жалпы медицина»;
  4. Қисина Рауан Мырзабекқызы – 2323 «Жалпы медицина»;
  5. Болатова Меруерт Болатқызы – 1216 «Жалпы медицина»;
  6. Касымханова Айжан Ыдырышевна – кафедра әдіскері

«Семей қ. № 8 Балалар үйі» КММ әкімшілігінің рұқсатымен, 15 тәрбиеленушілерін «Дастан» кинотеатрындағы, сағат 11.00-дегі «Человек-паук: нет пути домой» фантастика жанрындағы фильміне апарып, көңілдерін көтеруге тырысты.

Алда, осындай қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып тұруға студенттер де ықыластарын білдірді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір