Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялаған болатын. Семей медицина университетінің студенттері аталған байқауға белсене қатысты. Ұйымдастыру комитетіне 152 эссе жолданды, оның 61 қазақ тілінде, 70 орыс тілінде, 21 ағылшын тілінде. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша байқау нәтижелері келесідей:
1 орын – Ясмин Керейханова, «Стоматология» мамандығының 203 топ студенті
2 орын – Дина Жакупова, «Стоматология» мамандығының 203 топ студенті
2 орын – Иса Аманулла, «Жалпы медицина» мамандығының 1104 топ студенті
2 орын – Бахтияр Айткалиев, «Жалпы медицина» мамандығының 1229 топ студенті
3 орын – Аслан Урумбаев, «Жалпы медицина» мамандығының 2120 топ студенті
3 орын – Ернур Сахариев, «Жалпы медицина» мамандығының 2002 топ студенті
3 орын – Жандос Айдосов, «Общая медицина» мамандығының 4226 топ студенті
1-ші орынды иеленген Ясмин Керейханованың жұмысы байқаудың республикалық деңгейіне университет атынан қатыстырылатын болады.
Байқау жеңімпаздарына марапаттау қағаздары мен сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді. Барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!