Әрбір жасалған қайырымдылық істе ізгіліктің бар екені анық. Қайырымдылық – адам бойындағы ақыл-ой мен жүрек жылуының үйлесімді көрінісі. Бойыңдағы жылуды, мейірімді ұсына білу адамдық асыл қасиеттердің бірі.
Қазіргі таңда мұқтаж жандарға қол ұшын созатын ізгі жандар қатарының көбейіп келе жатқандығы қуантады. Жаныңда жүрген жандардың қуанышына ортақтасып, қиыншылығын көтерісу, қазақ халқының қанына біткен ұлттық болмысы мен көрегендігінің нышаны. Мейірімге толы қайырымды жүрек, мұқтаж жандарға демеу болумен, оларға өмір сүруге жаңа күш пен талпыныс сыйлай алады.
Осыған орай, 14.10.2022 жылы Республика күні қарсаңында, ҚР ҰҒА-ның академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен 1101, 1102, 1103, 1104, 1121 «Жалпы медицина» және 2324, 2326 «Педиатрия» мамандығының кураторлық топ студенттерінің ат салысуымен, үш балалы жалғыз басты әкеге қаржылай көмек пен азық-түлік табысталды.
«Қайырымдылық білектен, мейірімділік жүректен» дегендей, әрдайым көмек қолын созуға асығатын, жүрегі жомарт жандардың қатары арта берсін!
Аға оқытушы Темекбаева Э. С.,
Оқытушы Есентаева А. М.

