ҚР ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың басты міндеті.
КеАҚ «Семей медицина университеті» студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен 15.10.2022 ж. Республика күні қарсаңында, Семей қалалық «Таза табиғат» акциясы аясында сенбілік өткізіліп, ҚР ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары мен 1101, 1102, 1103, 1104, 1121 «Жалпы медицина» және 2324, 2326 «Педиатрия» мамандығының кураторлық топтары белсене қатысты.
Жалпыхалықтық сенбілікке қатысушылар «Бобровка» кентін, «Қарағайлы» шағын ауданын қоқыстардан тазартты. Сенбіліктің негізгі мақсаты – қаланың шырайын келтіру, оны үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, студент жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.
Біздің тазалығымыз – қаланың тазалығы! Жаңа облысымызды бірге гүлдендірейік!
Аға оқытушы Темекбаева Э.С.,
Оқытушы Есентаева А.М.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column width=”1/2″][vc_single_image image=”122771″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][vc_column width=”1/2″][vc_single_image image=”122771″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]