MED-Конгресс өз алаңында көптеген қатысушыларды – медициналық ұйымдардың өкілдерін, Қазақстан Республикасының, Түркияның, Жапонияның, Ресейдің, Беларусьтің, Қырғызстанның және де жақын, алыс шетелдердің жетекші университеттерінің ғалымдары мен сарапшыларын жинайды. Конгресс Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттеріңің ұйымдастырушыларымен бірлескен: Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Рязань мемлекеттік медицина университеті, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Алтай мемлекеттік медицина университеті, «Кемерово мемлекеттік медицина университеті», «Мәскеу психоанализ институты», «Қазақстан-Ресей медицина университеті», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық казақ-түрік университеті», «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы», «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті», «С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ», Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы.
Конгресс мақсаты – заманауи медицина және денсаулық сақтау саласындағы тәжірибемен, ғылыми біліммен алмасу. Іс-шара көпорталықты сипатқа ие және Қазақстан мен Ресейдің бірнеше пікірталас алаңдарында бір уақытта өтеді, спикерлер Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерінің белгілі ғалымдары.
Денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайына және жаһандық сын-қатерлер жағдайында медициналық көмекті ұйымдастыруға, медициндағы зерттеулер саласындағы соңғы жетістіктерге және денсаулық сақтау саласындағы денсаулықты сақтаудың заманауи тәсілдерін дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Конгресс бағдарламасына секциялар бойынша жұмыс және мастер-класстарды өткізу кіреді. «Адам және денсаулық. Медицинадағы мультидисциплинарлық тәсіл» атты I Халықаралық MED-Конгресске Қазақстан, Ресей, Түркия, Жапония, Беларусь, Қырғыз Республикасы және басқа да жақын және алыс шетел елдерінен 1500-ден астам қатысушы тіркелді. Бағдарламаға сәйкес 170 баяндама ұсынылып, 14 мастер-класс өткізілді.[vc_row][vc_column]