Республика күніне арналған қайырымдылық акциясы 4305 ОМ кураторлық тобының кураторы, жұқпалы аурулар, иммунология және тері-венерология кафедрасының ассистенті Жокебаева М.С.

Республика күніне арналған қайырымдылық акциясы 4305 ОМ кураторлық тобының кураторы, жұқпалы аурулар, иммунология және тері-венерология кафедрасының ассистенті Жокебаева М.С.

Жыл өткен сайын қайырымдылыққа атсалысып жатқандар артып келеді. Күнделікті өмірде біз жақсылық жасау соншалықты қиын емес екенін ойламаймыз. Миллиондаған адамдар біздің көмегімізге мұқтаж, бұған көз жұмып қарауға құқығымыз жоқ. Осындай игі миссиямен кураторлық топ Республика күні мерекесі қарсаңында куратормен бірлесіп, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.

Бүкіл өмірін галантерея фабрикасында жұмыс істеуге арнаған 85 жастағы Савия әже бірнеше жыл бұрын ұлы мен қызынан айырылды, қазір науқас немересімен бірге тұрады. Балалар әженің отбасын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, жан-жақты көмек көрсетті. Савия аби тобымыздың ілтипаты мен жомарттығына тәнті болып, оқуларына сәттілік, алдағы өмірлерінде қалаған биіктерге жетулерін тіледі![vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”122722″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: