Жыл сайын 20 қазанда Дүниежүзілік остеопорозға қарсы күрес күні атап өтіледі! Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы бұл күнді 1997 жылы қоғамның остеопороздың алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы жаһандық хабардарлығын арттыру мақсатында белгіледі. Остеопороз оның әртүрлі клиникалық көріністеріне және кең таралуына байланысты көптеген мамандықтардың дәрігерлері айналысады, себебі бұл ауру денсаулық сақтаудың көп салалы проблемасы болып табылады.
«СМУ» КеАҚ Университеттік госпиталінің кардио-ревматология бөлімшесінің пациенттері үшін 2022 жылдың 20 қазанында ішкі аурулар және ревматология кафедрасымен (м.ғ.к., кафедра профессорының м.а Горемыкина М.В. жетекшілігімен) ересектер ревматологиясы, педиатриялық 1-2 жыл оқу мерзімі резиденттермен бірге (Ешмұхамет Мерей, Ілияс Жанар , Бейсенғазинова Ақжан) және ЖТД 623 тобының интерндері Дүниежүзілік остеопороз күніне арналған «Ашық есік күнін» өткізді. Пациенттерге: остеопороз дегеніміз не; остеопороздың қандай қауіп факторлары бар; остеопорозға тән белгілер; заманауи диагностика және остеопороздың алдын алу мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, бөлімшенің аталған науқастары арасында остеопороздың қауіп факторларын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, кері байланыс алынды.
“СМУ” КеАҚ Университеттік госпиталі базасында остеопороз диагностикасының “алтын стандарты” болып табылатын рентгенологиялық денситометрияны жүргізуге арналған аппарат, сондай-ақ осы ауруды емдеудің тиімділігін бағалаудың объективті әдісі бар.
Горемыкина М.В. – м.ғ.к., ішкі аурулар және ревматология кафедрасының профессорының м.а.; ревматолог резиденттердің клиникалық тәлімгері.
Резидент-ревматологтар: Бейсенгазинова А.С.
Ілияс Ж.
Ишмұхамет М.
ЖТД 623 тобының интерндері

