Семей медицина университетінде Республика күні аталып өтті

Семей медицина университетінде Республика күні аталып өтті

Семей медицина университетінде Республика күні ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. 25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды даталардың бірі. Бұл күні Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз Тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Нәтижесінде ел аумағының тұтастығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысты қалыптастыру әрі нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.
Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімов, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері мен студенттер қатысты. Қатысушыларды ұлттық мерекемен басқарма төрағасы-ректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алтай Дюсупов құттықтады. Өз сөзінде ол мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдау Қазақстан Республикасының жаңа тарихындағы маңызды кезең болғанын атап өтті. Біз халқымыз үшін тағдырлы күндер мен оқиғаларды есте сақтап, құрметтеуіміз керек. Республика күні – ұлттық рухты көтеретін мерекеге айналуы тиіс.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлер “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін”, “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгілерімен, “Еңбек ардагері” медалімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, университет қызметкерлеріне Семей қаласы әкімінің алғыс хаттары, құрмет грамоталары, “СМУ” КеАҚ басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.
Мерекелік іс-шара университеттің шығармашылық ұжымдары орындауындағы концертпен жалғасын тапты.

[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз