«Семей медицина университеті» КеАҚ «Адам және денсаулық. Медицинадағы мультидисциплинарлық тәсіл» I Халықаралық MED-Конгрессін 2022 жылдың 18-19 қазанында ұйымдастырды. Іс-шара кәсіби медициналық қауымдастықтар мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен және қолдауымен өтті. Баяндамашылар Қазақстан Республикасының, Ресейдің, Түркияның және басқа да жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары болды.
Съезд ұйымдастыру мен өткізуге Семей қаласының Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы мен кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дюсупова Ажар Ахметқалиқызы белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар, кафедраның жас ассистенттері 2 баяндама дайындады. Ахметова Венера Тұрсынқызы «Қалқанша безінің аутоиммунды аурулары кезіндегі overlap syndrome» атты баяндама жасады. Джармухаметова Анастасия Сергеевна «Семей қаласының қазақ халқының балалары мен жасөспірімдеріндегі зат алмасу бұзылыстарын ерте анықтау және алдын алу алгоритмі бойынша баяндама жасады”. Баяндамалар жиналғандар арасында шынайы қызығушылық тудырды, көптеген сұрақтар туындады. Баяндамашыларға жемісті еңбек пен шығармашылық табыстар тіледі.

